Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

Жыл сайын мыңға жуық студент тәжірибеден өтеді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде  «Қазцинк» күні» атты іс-шара ұйымдастырылып, кәсіпорын өкілдері студенттермен емен-жарқын кездесу өткізіп, компания туралы әңгімелеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жыл сайын мыңға жуық студент тәжірибеден өтеді

Студенттерді қызықтырған сауалдарға осы оқу орнының түлектері, бүгінде «Қазцинкте» жұмыс істеп жүрген Тимур Тоқжігітов пен Дмитрий Тилиляев жауап берді. «Мамандар даярлау мәселесінде біз Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Университет жанында компанияның кафедрасы ашылған. Оқу орнының мыңға жуық студенті жыл сайын «Қазцинкте» білімдерін шыңдайды. Дарынды, білімді және өз ісіне жауапты жастарға әркез есігіміз ашық», - дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Шара барысында өңірдегі ірі өндіріс орны мен аймақтағы іргелі оқу ордасы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше