Қазақстан • 17 Наурыз, 2018

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. 

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын болады. Тек солтүстікте ғана күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.  

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман, күндіз жаяу бұрқасын болуы ықтимал.  

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдін күші 15-20 м/с.

Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ.

Манғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

17-18 наурыз күндері Астанада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы  -17 градустан -3 градусқа дейін, ал күндіз -2 градустан 2 градусқа дейін жоғарылайды.

Ертең түнде Алматы қаласында жауын-шашын болып, тұман түсуі мүмкін.