29 Қараша, 2011

Мақсат – үйлесімді саясат жүргізу

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мәскеуде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Феде­рал­ды Жи­налысы Федерация Кеңе­сінің ара­сындағы Парламенттік ынты­мақ­тас­­тық топтарының бесінші оты­рысы болды, деп хабар­лады Қа­зақ­стан Республикасы Пар­­ламенті Се­на­тының баспасөз қызметі. Қазақстандық делегацияға ынты­мақтастық тобының қазақстандық жа­ғының тең төрағасы, Парламент Се­наты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов басш­ылық етті. Отырыста білім беру және ғы­лыми-техникалық салалардағы ын­ты­мақ­тастықты одан әрі дамыту, Бір­тұтас экономикалық кеңістік жағда­йында дәрігерлік мақсаттағы тауар­ларды заңдастыруда үйлесімді саясат әзірлеу мәселелері талқылаудың басты тақырыбы болды. Отырыста сөз алған Ресей Білім және ғылым, Өнеркәсіп және сауда министр­ліктерінің өкілдері қатысу­шы­ларды жоғары технология мен ғылыми ауқымды жобаларды өндіріс­ке енгізуге бағытталған бірлескен шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ Біртұтас экономикалық кеңіс­тік жағдайында дәрігерлік мақ­саттағы тауарларды заңдастыру сала­сын­да үйлесімді саясат жүргізу тура­лы ақпа­рат депутаттардың наза­рына ұсы­нылды. Білім беру, ғылым және денсау­лық сақтау салалары бойынша ұлт­тық заңнамаларды жетілдіру мен бір­іздендіру жөніндегі ұсыныс­тарды ескере отырып, отырыста тиісті ұсы­нымдар әзірленді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Феде­рациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Парламенттік ынтымақтастық топтарының кезекті отырысын 2012 жылдың екінші жар­ты жылдығында Қазақстанда өткізу жоспарланды. Бұл ынтымақтастық топтары Қазақстан мен Ресей Парламенттері жоғарғы палаталарының шешімімен 2007 жылы құрылған болатын.