Әлем • 18 Наурыз, 2018

Ресейде президент сайлауына дауыс беру басталды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ресей Федерациясында кезекті пре­зи­дент­тік сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру алдымен Қиыр Шығыс аймағындағы сайлау учаскелерінде ашылды.

Ресейде президент сайлауына дауыс беру басталды

Конституцияға сәйкес, Президент 6 жылға сайланады. Өйткені әлеуметтік-экономикалық, саяси шешімдер қабылдап, реформа жүргізу үшін бұрынғы 4 жылдық мерзім аз уақыт саналғандықтан, оған тағы екі жыл қосылған болатын. 6 жылдық мерзімге бірінші болып Владимир Путин сайланған.

Ресейдегі президент сайлауына қатысып жатқан сегіз кандидаттың аты-жөні дауыс беру бюллетеніне алфавиттік тәртіп бойынша енгізілген: Сергей Бабурин ("Российский общенародный союз" партиясы), Павел Грудинин (Ресей Федерациясы коммунистік партиясы), Владимир Жириновский (Ресей либерал-демократиялық партиясы), Владимир Путин (өзін өзі ұсынған), Ксения Собчак ("Гражданская инициатива" партиясы), Максим Сурайкин ("Коммунисты России" партиясы), Борис Титов ("Партия роста" саяси ұйымы) және Григорий Явлинский ("Яблоко" партиясы).

Ресейдегі сайлау заңнамасы бойынша ел президентін сайлау жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар