Қазақстан • 18 Наурыз, 2018

Қазақстанда Ресей азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр

220 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстанның 17 қаласында өз еліндегі президент сайлауына қатыса алады.

 

Қазақстанда Ресей азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр

ҚР-дағы РФ елшілігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандағы Ресей елшілігінің және бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелері келесі жерлерде орналасқан:

1.Астана - Ресей ғылым және мәдениет орталығы;

2. Ақтау - Абай атындағы мәдени кешен;

3. Ақтөбе - Оқушылар сарайы;

4. Алматы - Ресейдің Бас консулдығы;

5. Атырау - Құрманғазы атындағы Мәдениет үйі;

6. Қарағанды - Кеншілер мәдениет үйі;

7. Көкшетау - «Көкшетау» мәдениет үйі;

8. Қостанай - Облыстық Достық үйі;

9. Павлодар - Естай атындағы Мәдениет сарайы;

10. Петропавл - Сәтпаев көшесі, 37 үй;

11. Приозерск - 97-ші Офицеров үйі;

12. Семей - Балалар пен жастар шығармашылық сарайы;

13. Талдықорған - І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы;

14. Тараз - № 8 Төле би атындағы мектеп-гимназия;

15. Орал - Мұсит көшесі, 78 үй;

16. Өскемен - Ресейдің Бас консулдығы;

17. Шымкент - Оқушылар сарайы. Сонымен қатар, Қордайда (16 наурыз) және Қызылордада (15 наурыз) мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беру ұйымдастырылған.

Еске сала кетейік, бүгін Ресей Федерациясында кезекті пре­зи­дент­тік сайлау өтіп жатыр. Сайлауға қатысып жатқан сегіз кандидаттың аты-жөні дауыс беру бюллетеніне алфавиттік тәртіп бойынша енгізілген: Сергей Бабурин ("Российский общенародный союз" партиясы), Павел Грудинин (Ресей Федерациясы коммунистік партиясы), Владимир Жириновский (Ресей либерал-демократиялық партиясы), Владимир Путин (өзін өзі ұсынған), Ксения Собчак ("Гражданская инициатива" партиясы), Максим Сурайкин ("Коммунисты России" партиясы), Борис Титов ("Партия роста" саяси ұйымы) және Григорий Явлинский ("Яблоко" партиясы).