Медицина • 18 Наурыз, 2018

ОҚО-дағы зорланды делінген балаға Астанадағы дағдарыс орталығында көмек көрсетіліп жатыр

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстандағы зорланды делінген баланың қазір қайда екені туралы Астанадағы "Асыл бала" қоғамдық қорының атқарушы комитетінің төрайымы Анар Рақымбаева пікір білдірді.

ОҚО-дағы зорланды делінген балаға Астанадағы дағдарыс орталығында көмек көрсетіліп жатыр

"Қазіргі уақытта бала мен оның анасы Астанадағы біздің дағдарыс орталығымызда. Оған қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Ертең олар Алматыға жолға шығады деп күтіліп отыр, олар ол жақта да біздің дағдарыс орталығымызға орналастырылады", - деді Анар Рақымбаева брифингте.

Оның айтуынша, анасы мен баласы әлі де мемлекеттің қамқорлығында. Жақында халықаралық сарапшылардың қатысуымен сараптама жүргізу бойынша келісім жасалады. Барлық әрекеттер  Бас прокуратура өкілдерінің қатаң бақылауында болады. 

Еске сала кетейік, баланың анасы мемлекеттік қамқорлықтан бас тартып, тәуелсіз сараптама жасау үшін ұлын Алматыға апаруға шешім қабылдады.