Қазақстан • 18 Наурыз, 2018

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дэюдодан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Екатеринбургте өткен «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

Елдос Сметов «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанды

Ақтық сында Елдос Сметов жергілікті балуан Ислам Яшуевті уақытынан бұрын тізе бүктірді. Ол небары 1 минут 20 секундта қарсыласын өзінен асыра лақтырып, таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, ол жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзілістен кейін енді ғана кілемге шығып тұр.