19 Наурыз, 2018

Ресей президенті сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин сайлаудың бірінші кезеңінде 73,9% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды сайлаушылар арасында сауалнама жүргізген Бүкілресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығының (БҚПЗО) өкілдері.

Ресей президенті сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды

Сауалнама мәліметтері бойынша, екінші орында КПРФ атынан сайлауға түскен кандидат-бизнесмен Павел Грудинин (11,2%) тұр. Үшінші орында ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский (6,7%) орналасқан. «Одан кейінгі кандидаттардың жинаған дауыстары шағын: Ксения Собчак - 2,5%, Григорий Явлинский - 1,6%, Борис Титов - 1,1%, Сергей Бабурин - 1,0%, Максим Сурайкин - 0,8%», -деп хабарлайды БҚПЗО.

Санауға жатпайтын бюллетеньдердің саны 1,2% екені айтылады. Сауалнамаға барлығы 162 мың 601 адам қамтылған. Қойылған сауалдарға респонденттердің 62,8% жауап берген, 37,2%-і жауап беруден бас тартқан.