19 Наурыз, 2018

Медицинада түйткілдердің басты себеп – реформалардың дұрыс түсіндірілмеуі

642 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әр реформа мен мемлекеттік бағдарламалардың табыстылығы оны ұйымдастырушылардың дайындығына, халықтың хабардар болуына және қолдауына байланысты. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда барлық шаруа көбінесе өзіміз жариялағандай болмай тұр. Позитивті идеялардың беделін түсіру, жобаларды іске асыру жолындағы кедергілер орындаудың ең алғашқы кезеңінде басталады.


Медицинада түйткілдердің басты себеп – реформалардың дұрыс түсіндірілмеуі

Біздің әңгімеміз отандық медицинаға дүниежүзілік стандарт­тарды енгізу және азамат­тар үшін оның қолжетімді болуын нысанаға ала отырып, Елба­сымыз қажет деп анық тұ­жы­рымдаған денсаулық сақ­тау саласындағы реформалар төңірегінде өрбиді.

Тиісті министрліктің осы бағыттағы қадамы алаң­дау­шы­лық тудырып отыр. Асы­ғыс­тық, түсіндіру жұмыс­та­ры­ның жеткілікті жүргізілмеуі, жұ­мыстардың анық та егжей-тег­жейлі ойластырылып, рет-ре­ті­мен істелмеуі, әрбір аур­у­ха­­наның ерекшеліктерін ескермеу көптеген пациенттерге де, мемлекеттік ауруханаларға да қиындықтар келтіріп, іске асырылып жатқан реформаларға сенімсіздік тудыруда.

Пациенттер қауымымен қа­тар медициналық қызмет­кер­лердің көбі түсіне алмаған мем­лекеттік стационарларды қар­жыландырудың көлемін 20% қысқарту дәл осындай жол­мен атқарылуда. Негізінде дирек­тивалық болып табылатын осындай қадамға дайын­дық жеткіліксіз екеніне іс-әре­кет­терді тиісті үйлестірудің жә­не стационарлық көмек көр­се­туге мемлекеттік тапсырыс ал­ған жеке медициналық ұй­ым­­дарда емделу мүмкіндігі мен олар орналасқан жер тура­лы тұр­­ғындарды хабардар етудің бол­мауы дәлел. Министр мен Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қоры (ӘМСҚ) бас­қар­масы төрағасының айтқ­ан­дары, өкінішке қарай, тек қана медицина саласындағы санаулы ғана шенеуніктерге түсінікті болып отыр.

Халықтың көбінің көңілін «әлеу­меттік осал топтарға жата­тын ауруларға тегін меди­ци­на­лық көмектің кепілді көлемі ая­сында медициналық қызмет көр­се­тушілер саны 2018 жылы 2017 жылға қарағанда 1,5 есеге өседі» деген сияқты жағымды статис-
тика көншіте алмауда. Өйткені оларға қажетті көмек дәл осы жерде және тек қана қазір керек екені белгілі. Саны азая қоймаған инфекциялық аурулар, әсіресе, кәрілік жастағы демікпе, сусамыр (қант диабеті), гипертония сияқты 2 және одан да көп дертке шалдыққан пациенттер «ақша науқастың соңынан жүреді», «емдеу мекемесін еркін таңдау құ­қығы», «жаңа аймақтық тір­кеу­лер» сияқты жарияланған қа­ғи­далардың мәнісін түсінбей, емдеуден бас тарта алмайтын, өздерінің үйреншікті стацио-
нарларынан көмек іздеуде. Ал медициналық мекемелер өз тарапынан әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру қоры акционерлік қорымен, ай сайын­ғы қаржыландыру сомасынан ас­пау туралы жасалған шартты бұзуға мәжбүр болып отыр. Ол үшін өте үлкен айыппұлдар қа­рас­тырылған. «Әрі тартса өгіз өле­ді, бері тартса арба сына­ды­ның» кері.

Мұның бәрі азаматтардың көр­сетіліп отырған медици­на­лық қызметтің сапасына қа­на­ғаттану дәрежесін тө­мен­детуде. Жер-жерден келген ха­барға қарағанда, олардың бюд­жет­терін қысқарту барысында дә­рі-дәрмектің, азық-түліктің, ком­муналдық және өзге де шы­­ғындар бағасының, жалпы инф­ляцияның өсуі ескерілмей отыр. Бұған қоса қабылдау бөл­ме­леріне барып жатпай, бі­рақ кейбір диагностикалық жән­е емдеу процедураларын алатын па-
циенттерге көрсетілген шығындар стационарларға жыл сайын өтелмеуде. Мысалы тек Ақмола облысы бойынша 2017 жылы қайтарылмаған жал­пы сомасы шамамен 93 млн теңге тұратын 400 мың­нан астам осындай қызмет көр­сетілген. Медицинаны осы­лай қаржыландырудың ес­тен тандыру терапиясы, біз­дің ойымызша халықтың осын­дай реформаларға деген сенімін жо­ғалтады және бұл мем­лекеттік ме­кемелерді бан­крот­тыққа әке­ліп соқтыру үшін қасақана жасала­ды деген қауесеттердің тарауы-
на жол береді. Осыдан келіп «Үкімет әзірлеп, Парламент қа­былдаған бюджетті бейіндік министрліктің хаттамалық ше­шімімен 20 пайызға қысқарту, бюджетпен жүргізілген басқа да еркін операциялар қаншалықты заңды?» деген әділ сұрақ туындайды.

Мен осы мәселелерді қамти оты­рып, Премьер-Министрдің орын­басары Ерболат Досаевтың атына сауал жолдадым. Мәсе­ле­ні зерттеп, дұрыс шешім қабыл­данар деген үміттемін.

Жалпы, медицинадағы өз­ге­рістерді «хирургиялық» әдіс­пен жасау, халыққа қызмет көр­сетуде көптеген проблема­ларды туындатары анық. Ұйым­дас­тырушылардың ресми жау­ап­тарынан олар өздеріне не жүк­те­летінін әлі де толық түсінбей отырғанын байқауға болады.

Тұрғын СЫЗДЫҚОВ,

Мәжіліс депутаты