Аймақтар • 22 Наурыз, 2018

Кереку өңіріндегі Наурыз мейрамы

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы Ұлыстың ұлы күні 22-Наурыз мейрамы әдеттегідей орталық алаңнан басталды. Жиналған жұртшылықты облыс әкімі Болат Бақауов  құттықтады.

Кереку өңіріндегі Наурыз мейрамы

Алаңға киіз үйлер тігіліп, театрландырылған концерт қойылып, көңіл көтеру және сайыстық, балалар мен спорт сүйер қауымға арналған басқа шағын алаңдар да көңілді. Қалалық әкімдік хабарынша, Ертіс өзені жағалауындағы орталық алаңда 15 мыңнан астам адам Наурызды мерекелеуде. Түрлі іс-шараларға 600-ден астам өнерпаз қатысуда. Қала тұрғындары мен өңір қонақтары үшін 5000-нан аса бауырсақ, 300 литр көже мен 600 келі палау дайыналды. Тегін берілетін тамақтардан кез-келген адам дәм тата алады. Алаңда «Ақ дастархан» бауырсақ сайысы өтті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен,мектептер ашыған, ашымаған бауырсақтар, тәтті, май қосылған, бал қосылған бауырсақтар, ши бауырсақ, шелпек бауырсақ, ұсақ, дөңгелек, қытырлақ, сорпаға қосылған бауырсақтардың әр түрін әзірлеп қонақтарға ұсынуда. Орталықтан бөлек қаланың 12 шағын ауданы мен 8 кәсіпорнында мейрам тойлануда. Орталық алаңда бұл күні театрландырылған сахналық қойылым көрсетіліп, отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілуде. Наурыз мейрамында Алтынай Жорабаева, Жәзира мен Жанболат келіп ән шырқады.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев