Қазақстан • 24 Наурыз, 2018

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен АҚШ-тың уәкілетті органдары ынтымақтастықты нығайтуда

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вашингтонда Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменовтың АҚШ Кадрлық қызмет офисі (OPM) директоры міндетін атқарушы Кэтлин МакГеттиганмен, Директор орынбасары Джозеф Кеннедимен, сондай-ақ Федералдық атқарушы институты (FEI) директоры Сюзанна Логанмен және FEI халықаралық көшбасшылық дамыту бойынша директоры Флэтчер Хонемондпен кездесуі өтті.   

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен АҚШ-тың уәкілетті органдары  ынтымақтастықты нығайтуда

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жетілдіру және одан әрі дамытуда алда тұрған бағыттарды, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы төлеу және қызметін бағалау жүйесіндегі тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Алихан Байменов аймақ елдерінің мемлекеттік қызметін жетілдіруде АҚШ-тың пайдалы тәжірибесі бар екендігін атап өтті. 

Кэтлин МакГеттиган мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе мен білім алмасуда көп жақты институционалдық алаң ретінде Астана хабының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, МакГеттиган Астана хабына білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған бастамалары мен іс-шаралары үшін алғысын білдірді. «Біз Астана хабымен жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз», - деді Сюзанн Логан. Ол сондай-ақ FEI жаңа көшбасшылық  бағдарламалар әзірлегендігін,  оны қуанышпен ұсынуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Тараптар қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты жоспарларын талқылады.