Биыл ақпанда Парклендтегі мектептің бұрынғы оқушысы балалар мен оқушыларға оқ атып, 17 адам қайтыс болған. Наразылық акциясына аталған оқиға себепші болып, осы мектептің оқушылары марш бастамашысы атанды.
«Өміріміз үшін шеру» ұранымен өткен наразылық акциясына шыққандардың дені – мектеп оқушылары мен жастар. Вашингтондағы демонстрацияға көптеген өзге штаттардан автобустармен арнайы келген адамдар да қатысты.
Сенбі күні Вашингтон пост газетінде жарияланған мақалада 1999 жылғы сәуір айынан бері 190 мыңнан астам оқушы сабақ кезінде атыс-шабысқа тап болғаны жөнінде дерек келтірілген.