Қазақстан • 31 Наурыз, 2018

Бердібек Сапарбаев «Қазгидромет» басшысына мәліметтерді уақытында жариялауды ұсынды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Қынатовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бердібек Сапарбаев «Қазгидромет» басшысына мәліметтерді уақытында жариялауды ұсынды

М.Қынатов судың жүруін дұрыс болжауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық жүйесін ұсынды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы тоңның қалыңдығы мен ірі өзендердегі мұздың жүрмеуі алдағы уақытта су тасқынына себеп болуы мүмкін деп атап өтті.

«28 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағының 47% әлі қар бар. Мысалы, 2017 жылдың 8 сәуірінен бастап 19 сәуірге дейін, яғни, 11 күннің ішінде қар толық еріп кетті. Биыл да ауа райы күрт өзгереді. Келесі аптада ауа температурасы нөлден төмендеп, 6 сәуірден бастап 12 градус жылы болады. Бірақ түн салқын. Бұл қардың бірте-бірте ерітуге ықпал етеді», - деді Марат Қынатов.

Кездесу кезінде облыс басшысы нақты болжамдарды ұсынуды сұрады. Айта кетсек, өткен жылы суға кетіп, жалғыз баспанасынан айырылған ақтөбеліктер биыл да үрей үстінде отыр. Су тасқыны маусымына дайындық кезінде арнайы жедел штаб құрылып, үзіліссіз қоңыраулар қабылдауда. Соңғы он күнде барлығы 600-ден астам адам қоңырау шалып, көмек сұраған.