Әлем • 31 Наурыз, 2018

Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өіклетті Елшісі Кәрім Көкірекбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээенбековке сенім грамоталарын тапсыру рәсімі болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Елшісі Қырғыз Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Салтанатты рәсім барысында Қырғыз Республикасының Президенті Елшіні дипломатиялық қызметінің ресми басталуымен құттықтап, бұл құрметті миссия біздің елдеріміз арасындағы бауырластық, тату көршілік және өзара тиімді қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімділік білдірді. Қырғыз Республикасының Президенті өзінің қысқа уақыт ішінде Қазақстанның елордасы Астанада ресми сапармен және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуінде екі рет болғанын атап өтті. «Бұл сапарлар кезінде маңызды құжаттарға қол қойылып, өзекті мәселелер талқыланды. Сіздің Қырғызстанға Елші болып тағайындалуыңызға өте қуаныштымын, әрі біздің қарым-қатынастарымыз келешекте тереңдей түседі деп сенемін, өйткені қырғыздар мен қазақтар сияқты бір-біріне жақын халық жоқ», - деді Президент С. Жээенбеков.

Өз тарапынан К. Көкірекбаев мәдени-гуманитарлық және экономикалық салаларда екі халықтың ынтымақтастығын нығайтуға берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді. Ол екі бауырлас халықтар арасында қалыптасқан сенімді диалог қомақты шарттық-құқықтық базамен және Қырғызстан Президенті С.Жээнбековтің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде қол қойылған тарихи құжаттар: Қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы Шартпен және Шекара режимі туралы Келісіммен айқындалатынын атап көрсетті.

Оған қоса К.Көкірекбаев Қазақстанның шығармашылық, спорттық, ғылыми-білім беру саласындағы делегацияларының 2018 жылға жоспарланған ұлы жазушы Ш.Айтматовтың 90 жылдығы және Қырғызстанда өтетін III-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны сияқты ірі іс-шараларға қатысуы біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретінін мәлімдеді. Сөз соңында Елші қырғыз тарапын Астананың 20 жылдығын бірлесіп меркелеуге шақырды.