Қазақстан • 31 Наурыз, 2018

Ғалым Көбей Хұсайынов қайтыс болды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіл білімінің маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Көбей Хұсайынов қайтыс болды. Бұл туралы тележүргізуші Мейрамбек Таубалдиев Facebook парақшасында жазды.

Ғалым Көбей Хұсайынов қайтыс болды

"Қазақ филологиясы ауыр қазаға ұшырады. Осы жылдың 30 наурызында қазақ ғылымы ауыр қайғыға душар болды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтын ұзақ жылдар бойы басқарған филология ғылымдарының докторы, профессор Хұсайын Көбей Шахметұлы 74 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған науқастан өмірден озды. 1 сәуірде сағат 10.00-де қаралы митинг Чайковский көшесі, 131, 1-подъезд, 15-пәтер (Шевченко қиылысы) өтеді. Қонақасы "Алтын адам" ресторанында 1 сәуірде 13.00-де Шашкин 5а (Попов қиылысы) өтеді", - деп жазды ол.

Көбей Шахметұлы Хұсайынов 1945 жылы 27 наурызда Алматы қаласында туған. ҚазМУ-ды және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 

Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы , аға ғылыми қызметкер, институт директорының орынбасары, директоры, 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер болды. Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. "Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.