Аймақтар • 31 Наурыз, 2018

Маңғыстау облысы әкімдігінің бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

936 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Маңғыстау облысы әкімдігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы құрылтай жиналысы өтті. 

Маңғыстау облысы әкімдігінің бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев және ҚР мемлекеттік және банк мекемелерінің және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирболат Жақыпов, Маңғыстау облысының Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков, сонымен қатар 80-ге жуық әкімшілік қызметкері қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде Маңғыстау облысы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, оның төрағасын және тексеру комиссиясын сайлау мәселелері қаралды. Жиынға қатысушылардың дауыс беруі арқылы Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Иса Есенәлі Жарылқасынұлы тағайындалды. Сондай-ақ, кәсіподақ комитетінің құрамына 7 адам сайланды.

Жиын соңында барлық кәсіподақ көшбасшыларын және активті жиналыста қабылданған негізгі құжаттар мен шешімдердің орындалуына бағытталған мақсатты жұмыстарды жүргізуге шақырды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»