"Бұл шешімімді дұрыс деп есептеймін. Себебі, мұндай ауыр жүкпен губернаторлық қызметте отыру өте ауыр, моральдық тұрғыда мүмкін емес. Біз 25 наурыз күні Кемеровода болған оқиғаға қайғырып отырмыз. 64 адамнан айырылдық, оның басым бөлігі балалар", деді Аман Төлеуов.
Сонымен қатар ол қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты. "Опат болғандардың отбасы мүшелерімен кездесіп, көмек көрсету мәселесін реттеуге тырыстым. Тағы да қайғыра отырып көңіл айтамын. Бірақ өмір сүру керек қой. Марқұмдарды есімізде сақтау үшін өмір сүруіміз керек", деді ол.
Өз кезегінде Ресей президенті Аман Төлеуовтің өтінішін қабыл алды. Ал орнына уақытша вице-губернатор Сергей Цивилевті қойды.
Айта кетерлігі 73 жастағы экс-губернатор Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.