Қазақстан • 02 Сәуір, 2018

Сергей Ершов: Оралмандарды әлеуметтік мәселелер алаңдатады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолиядан көшіп келген қандастар өздерінің шешілмеген әлеуметтік мәселелеріне алаңдайды. Сенат депутаты Сергей Ершовтің Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында жергілікті тұрғындармен кездесуі барысында оралмандардың жұмысқа орналасуы мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері әңгіме болды. 

Сергей Ершов: Оралмандарды әлеуметтік мәселелер алаңдатады

Сенатор Президент Н.Ә. Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысында көптеген мәселелердің шешімі табылатынына сенім білдірді. Оралмандар өз кезегінде олардың мұқтаждарына аудан басшылығы ұдайы назар аударып отыратынын және қажетті көмегін беріп отырғанын атап өтті.

С. Ершов жергілікті билік органдары мен ауыл тұрғындарын Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеруге және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған Мемлекет басшысының ауқымды жоспарларын табысты іске асыру үшін бар күш-жігерін арнауға шақырды.

Аудан тұрғындары тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселелерін шешуге жәрдемдесуді өтінді. Сенатор С. Ершов Осакаровка ауылына жұмыс бабындағы сапары барысында аудан активімен және № 1 орта мектептің ұстаздар ұжымымен кездесті. Депутат сайлаушыларды Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру жөніндегі Үкімет әзірлеген жол картасының мазмұны туралы хабардар етті.