Аймақтар • 02 Сәуір, 2018

Ғұмар Дүйсембаев: Әрбір отбасыға баспана алуға мүмкіндік бар

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ғұмар Дүйсембаев: Әрбір отбасыға баспана алуға мүмкіндік бар

Мемлекет басшысының әлеуметтік бес бастамасының маңызын жұмысшыларға жан-жақты түсіндірген Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев әрбір отбасына баспана алудағы жаңа мүмкіндіктер бар екенін, сондай-ақ жоғары білім алуда, шағын несие беруді көбейтуде және еңбекақы мен салық саласында да ауқымды жаңалықтар болатынын Атырау қаласындағы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» компаниясының еңбек ұжымымен кездесуінде айтты.

Бұл құжатта еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі жетістіктерге сай халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолдары көрсетілген.  

Сенатор Ғ.Дүйсембаев «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жүздесуде Елбасының алға қойған міндеттерін орындау, еңбек өнімділігін арттыру, сапалы өнімдер шығару жайында айтылды.

Сонымен қатар 30 наурыз күні «Caspian Royal Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Балықтың бекіре тектес тауарлық балық өсіру және жабық жүйеде уылдырық алу кешенінде» және Атыраудағы мұнай машиналарын жасау зауытында да болып, еңбек ұжымдарымен  кездесу өткізді.