Аймақтар • 10 Сәуір, 2018

Ақтөбеліктерге тұрғын үй салу үшін 14 мыңнан астам жер учаскесі берілетін болады

567 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиында жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды.

Ақтөбеліктерге тұрғын үй салу үшін 14 мыңнан астам жер учаскесі берілетін болады

Жиын жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер мәселесі бойынша қазіргі жағдайды талқылаумен ашылды.

2015 жылдан бастап облыста тұрғын үй салу үшін 25,5 мың жер телімі берілді. Алайда, күту тізімдерінің саны азаймай отыр, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай. Мәселен, 2017 жылғы желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 10 сотық жерді алу үшін 150 мыңға жуық өтінім тіркелсе бүгінгі күні 161 мыңға жуық.

Ең көп ұсыныс ақтөбеліктерден - 128 мың, Алға ауданы - шамамен 14 мың, Мәртөк шамамен 5 мың және Мұғалжар Хромтау аудандары 4 мың адамнан түскен. Жер кезегі Ойыл және Қобда аудандарында жоқ.

Биыл 14,2 мыңнан астам учаскені беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі бос жерлерге барлық резервтерді инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету - ақтөбелік тұрғындарға он сотық жерді беруге мүмкіндік береді деп тапсырды. Сондай-ақ, кім бірнеше жыл бойы үй салмай, жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаса сол жерді тартып алуға жұмысты күшейтуді тапсырды. Болашақта тартып алынған жерлер күту тізімдерінде тұрғандарға беріледі.

Бұдан басқа, тұрғын үй салу үшін жерді беру жұмыстары Қарғалы, Әйтеке би және Хромтау аудандарының әкімдеріне жеделдетуге бағытталды.

Ауылшаруашылық жерлерін пайдалану туралы айтқан облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасын ауыл тұрғындарына шабындықтар мен жайылымдар беру бойынша сынға алды. Осылайша, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың мәліметінше осы жылы 142,5 мың гектар жер пайдалынылады, 8932,8 мың гектары мал жайылымдыққа және жем-шөп үшін жарамды жер жалпы алаңы 35% құрайды.  

– Біз ауыл тұрғындарына – мал басы санын көбейтуді айтамыз, ал басқармалар мен аудан әкімдері осы мақсаттарға тиімді жерді енгізуде жұмыс істемейді. Сондықтан жыл сайын мал шаруашылығындағы өсім 3-5%-дан аспайды. Ауыл тұрғындарына уақтылы және қажетті мөлшерде жер берілген болса, жағдай мүлдем басқаша болар еді, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі ауылшаруашылық жерін тиімді пайдалануды, тұрғын үй салу үшін және коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін үнемі қадағалауды тапсырды. Сонымен бірге, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және жер инспекциясы басқармалары пайдаланылмаған жерлерді анықтау мен алып тастау бойынша күш-жігерді біріктіруге міндеттенеді.

Темір ҚҰСАЙЫН,
"Егемен Қазақстан"