"Ақпарат және коммуникациялар министрлігі соттың шешімін орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті. Осыған байланысты Telegram әкімшілігіне хабарламалар жіберілді. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанда Telegram сияқты танымалдылыққа ие болып жатқан мессенджердің бұғатталуына мүдделі емеспіз", - деді министр Дәурен Абаев.
Осыған дейін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының материалдарын өшірілмесе елімізде Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін екені айтылған.