Қазақстан • 11 Сәуір, 2018

Еркін Көбеев: Президенттің бастамалары - халықтың игілігіне арналатын оптимистік жоба

494 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Президенттің бастамалары қазақстандықтардың әл-ауқатын нығайтуға, заманауи қазақстандық қоғамның ең өткір әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Еркін Көбеев: Президенттің бастамалары - халықтың игілігіне арналатын оптимистік жоба

Мемле­кеттің жоғары әлеу­меттік жауап­кершілігін, отбасына деген қамқорлықты арттыру, лайықты білім беруді дамы­ту және ұлттық бірлікті сақ­тау – басты ұстаным. Елба­сы атап айтқандай, гүлденген Қазақ­стан – бұл ең алдымен, мем­лекеттің қорғау, қолдауын және қамқорлығын сезінген және оған патриоттық рухымен жауап беретін өзіне сенімді адамдар. Мемлекеттік саясаттың маңызды басым­дық­тары эконо­микалық өсу қар­қыны емес, халықтың әл-ауқа­тын арттыру болып табылады.

Президент атап айтқан бірінші бастама – ол тұрғын үй мәселесін шешу. Алдағы уа­қытта әрбір отбасына тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүм­кіндіктер қарастырылған. Жұ­мыс істейтін қазақстандық азамат жеңілдікті шарттармен теңгемен ипотекалық заем ала алады, жылдық мөлшері 7 па­йыздан аспайтын ипотекалық несие беріледі, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жыл. Бұл ай сайынғы төлемдердің мөлшерін бірнеше есе азайтады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға оң ықпал етеді.

Екінші бастама жалақысы төмен жұмысшылардың ең­бек­­ақысын көбейту мақ­са­тында олардың салық жүк­темесін азайтуды қолдауға бағыт­тал­ған. Әлеуметтік мәсе­ле­­лер­­ді өз бетінше шешуге мүм­­кін­діктері жоқ азаматтар мем­­лекеттік қолдауды қа­жет етеді. Келесі жылдан бас­­­­тап ондай азаматтардың са­­лық жүк­темесі 10 есеге азая­­­ды. Басы артық қаражат осы са­­­нат­­тағы 2 миллионнан ас­там қа­зақ­­стан­­дықтардың еңбек төле­мін көбейту үшін жұмсалады.

Қазақстанның білім қоғам­­дастығының өкілі ретінде «Жоғары білімнің қолжетім­ділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақ­сарту» атты үшінші бастама біз үшін аса маңызды. Адамдарға салынған инвестициялар әлеуметтік сая­сат саласындағы басымдық деп танылады. Келесі оқу жылында қосымша 20 мың білім гранты бөлінеді. Техникалық мамандықтар бойынша ба­калавр­ларды даярлауға арнал­ған қосымша гранттар жаңа эко­номиканың кадр­лық мә­селе­лерін, мемлекет жүр­гізе­тін индустриялық бағдар­ламаларды тиімді шешуге және сұранысқа ие мыңдаған маман­дарды оқытуға мүм­кіндік береді. Олар, бірінші кезекте, инженерлер, ақпарат­тық тех­нологиялар, робот-тех­ника және нанотехнология сала­ларының мамандары. Сондай-ақ техникалық және ауылшаруашылық ма­мандықтары бойынша да барлық ЖОО-лардың, ұлттық университеттердің грантын көбейту қарастырылған. Бұл сапалы білім беру үдерісіне қажетті материалдық-тех­ни­калық базаны және кадрлар ресурсын дамытуға мүмкіндік туғызады.

Алдағы уақытта студент­тердің өмір сүру жағдайлары жақсарады. Жатақхана тап­шылығы бар жоғары оқу орын­дарындағы аталған өзекті мәселе оң шешімін табады. Айта кету керек, Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемле­кеттік уни­верситетінде мұн­дай мәселе жоқ. Бүгін­де уни­верситетімізде жатақха­на­ларды, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және кампус аймағын көріктендіру бойынша көп жұмыс атқарылуда. Студенттердің оқуына және бос уақытын тиімді өткізуіне бар жағдай жасалынған, бұл олардың академиялық және шығармашылық табыстарына оң әсерін тигізеді.

Президенттің өзін-өзі жұ­мыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну бастамасы халықтың кәсіп­керлік белсенділігін дамы­туға ықпал етеді. Мемлекет басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы айта келе, 2018 жылы микрокредит берудің жалпы көлемі 14 мыңнан ас­там адамды құрайтынын атап өтті. Мемлекет тарапынан аталған бағдарламаға қомақты қара­жат­тың бөлінуі өз кезегінде отан­дастарымыздың өзін-өзі танытуына ықпал етеді, соның ішін­де студент жастар үшін қо­сымша мүмкіндіктер мен перс­пективаларды қамта­ма­сыз етеді. Қарағанды облыстық мәс­ли­­хатының депутаты ретін­де мен Қараөзек-Жез­қазған-Қа­рағанды-Теміртау-Астана ба­ғыты бойынша м­агистральді газ құ­бырын тартуды қолдаймын. Бұл өңірдегі экологиялық мәсе­ле­лермен кү­ресуге оң ықпал ете­ді, қала­дағы және ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартады.

Ауқымдылығы мен күті­летін әсері бойынша мем­ле­кет­тің «түбегейлі шара­лары» атанған мәлім­дел­ген жоба­лар соңғы жыл­дар­дағы рес­пуб­ликаның әлеу­меттік-эко­но­микалық да­муының ең маңыз­ды нәти­жесі болып табылады. Пре­зидент жүзеге асырып отырған экономикалық өсудің тұрақты стратегиясы бүгінгі күні ауқым­ды әлеуметтік бастамаларды іске қосу және табысты іске асыру үшін қажетті негіз саналады. Президент айтқандай, бұл есептелген бағдарлама, халықтың игілігіне арналатын ұтымды және оптимистік жоба.

Барлық ұсынылған жобалар азаматтардың әлеуметтік қорғалуын, қамтамасыз етілуін нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар мультипликативті экономикалық дамуды кү­шей­теді, әлеуметтік тұрақты­лық­ты, әлеуметтік дағдарыстың ал­дын алу бойынша мемлекет пен жеке бизнестің серік­­тестігін кеңейтуді қамта­масыз етеді. Әлеуметтік саясат құралдарын жандандыру экономикалық өсудің катализаторы. Яғни, әлеуметтік саясаттың басымдықтары оның ұзақ мерзімді эконо­ми­калық дамуға және теңдес­тірілген әлеу­меттік құры­лым­ды қамтамасыз етуге әсерін ескере отырып анықталады.

Елбасы адамгершілік, құр­мет, сенім, халыққа және елге ризашылық білдіру қабілеті халқымыздың бірлігі мен мем­лекетіміздің табыс­ты дамуының негізіне айналатынын әркез айтады. Ұсынылған бағдарламалар қоғамдағы әлеуметтік және психологиялық жайлылықты қамтамасыз етуге, халық пен мемлекеттің өзара сеніміне, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты халық үшін тартымды әлеуметтік жобаны нығайтуға бағытталған. Біз барлығымыз Прези­дентіміздің «әлеуметтік мемлекет пен ұлттық әл-ауқат­тың қазақстандық үлгісін» табыс­ты қалыптастыруға деген сенімділігін қуаттай отырып, қолдаймыз.

Еркін КӨБЕЕВ, 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры