Соның бірі, «Сіз өзіңіздің кеше қай қонақ үйде қонғаныңыз туралы айта аласыз ба» деген Сенатор сұрағына, Цукерберг сәл іркіліп барып «Жоқ» деп жауап берді.
«Сіз осы аптада хабарлама жолдаған адамның есімін атай аласыз ба» деген сұраққа да ол «Мен оны көпшілік алдында жариялауды қаламас едім» деп жауап берді.
Сенатор да өзінің барлық айтқысы келгені осы екі сұраққа сыйып кететінін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Сенаторлардың сұрақтарына жауап берген Цукерберг, Cambridge Analytica компаниясың жинаған Facebook әлеуметтік желісінің 50 миллион пайдаланушысы туралы деректердің Ресейде сақтаулы екені туралы білмейтінін айтты. Осы жағдайды анықтау үшін Facebook компаниясы жыл соңына дейін 20 мыңнан астам адамды жұмысқа алып, желі қолданушылардың ақпараттық қауіпсіздігі үшін жұмыс жасайтынын айтты.
Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»