Мәселен, жақында Өскеменде өткен облыстық қоғамдық кеңес отырысында Бородулиха ауданының екі, Ұлан ауданының бір ауылының атаулары ауыстырылатыны жайында айтылды. Бородулихадағы Пролетарка ауылына Ақши, Вознесеновка ауылына Қызылтай, ал Ұлан ауданындағы ел аузында «17 шақырым» аталып келген ауылға Сарыөзек сынды тарихи атаулары қайта берілмек. Сонымен қатар Өскемендегі Карл Маркс даңғылы жуықта Қазыбек би есімімен аталатын болады. Бұл атау биылғы 2 наурызда республикалық ономастикалық комиссияда бекітіліпті.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы