Әлем • 11 Сәуір, 2018

Алжирде әскери ұшақ апатынан жүздеген адам қайтыс болды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алжирде әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады ВВС

Алжирде әскери ұшақ апатынан жүздеген адам қайтыс болды

Алжир бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, борттағы адам саны жүзден асады. Олардың ешқайсысы тірі қалмаған. «Аль-Хадас» телеарнасының айтуынша, бортта 200 әскери қызметкер болуы мүмкін. Қайтыс болғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Ил-76 әскери ұшағы Буфариктегі әскери базаның аэродромынан ұшқан соң Алжир қаласының оңтүстігінен 50 км жерде, Буфарик әуежайына жақын маңдағы Блида ауыл маңына құлаған. Құлаған ұшақ демде өртеніп кеткен. Апат жергілікті уақыт бойынша таңғы 8-де болған. Ұшақтың құлау себебі әлі белгісіз.

Algérie24 агенттігінің хабарлауынша, ұшақ мемлекеттің солтүстігіндегі Блида қаласынан оңтүстік-батысқа бет алған. Жолаушылардың көпшілігі әскери қызметкерлер екені хабарланып жатыр.