11 сәуір күні Алмазбек Атамбаев Қытайдың Боао қаласында Си Цзиньпинмен кездескен. Кездесу барысында екі ел басшылары «Бір белдеу – Бір жол» жобасы аясында екі жақтық қарым-қатынастың даму қарқыны жөнінде сөз қозғады.
Си Цзиньпин Алмазбек Атамбаевты Қырғызстан социал-демократиялық партиясының төрағасы болып сайлануымен құттықтап, екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатуға үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді. Ал өз кезегінде Алмазбек Атамбаев Ши Жинпиңге «Боао Орталық Азия» форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Экс-президент форум маңызы жөнінде сөз қозғай келе, алдағы уақытта халықаралық бірлескен экономикалық қарым-қатынастарды жақсартуда серпін беретінін атап өтті.