Қазақстан • 15 Сәуір, 2018

Малайзия университеті оқу гранттарын ұсынды

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Малайзия ғылым және технологиялар университеті (Malaysia University of Science and Technology) оқу гранттарын ұсынды, - деп хабарлайды bolashak.gov.kz.

Малайзия университеті оқу гранттарын ұсынды

Малайзия ғылым және технологиялар университеті магистратурада оқығысы келетін үміткерлерге 5 орын ұсынып отыр.

Үміткерлерге қойылатын талаптарды, мамандықтардың және қажетті құжаттардың тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан көруге болады. 

Айта кетейік, бұл университет – жаратылыстану, инжиниринг және бизнес саласындағы барлық бағдарламада білім беретін Малайзияның жетекші жоғаары оқу орны. 2000 жылы Массачусетс технологиялық институтының (MIT) қолдауымен құрылған. Сондықтан университеттік бағдарламалар, болашақ кәсіпорындар мен жұмыс орындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, MIT университетінің оқыту стиліне ұқсастырылып жасалған.

Соңғы жаңалықтар