Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлері ауылға көмектесті

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыста «Атамекен», «Ру­хани қазына», «Тәрбие және бі­лім», «Ақпарат толқыны» бағ­дарламалары бо­йынша бірқатар жо­балар қабылданып, 157 шара жү­зеге асырылды.

Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлері ауылға көмектесті

«Туған жерге тағзым» республикалық жо­ба­сы аясында 126 іс-шара ұйым­дас­тырылды. Өңірде туып-өскен заматтардың қол ұшын бергенін айта кеткен жөн. Олардың қатарында «Егоровские склады» ЖШС басшысының есімі құрметпен аталады. Ол 320 миллион теңге тұратын балабақшаның құрылысын пайдалануға берді. Осы компания мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында теннис кортын салуда.Тайынша ауданының Ильичевка ауылында медициналық пункт ашылды. Жеке кәсіпкер С.Жақыпов және «Ильич» ЖШС қайтарымсыз негізде демеушілік көмек көрсетті. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі шеңберінде Комсомол ауылдық округінде ауыл тұрғындарына мәдени-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Оның құрылысына «Кашин А.В. және К» фермерлік қожалығының басшысы Александр Кашин демеушілік көрсетті.

Қызылжар – ел қорғаған батырларды, күміс көмей әншілер мен сал-серілерді дүниеге әкелген қасиетті мекен. Осы себепті «Талантқа толы туған өңір» өңірлік жобасы аясында «Жұмағы жердің Қызылжар» атты жергілікті ақын-композиторлардың ән конкурсы өткізілді. Кеште Кәкімбек Салықов, Ермек Серкебаев, Жоламан Тұрсынбаев және басқа жерлестеріміз ұлықталды.

 «Саналы азамат» базалық бағытының «Ұлы дала жастары» жобасының аясында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де студент жастарға бағдарламаның мән-мағынасын түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру үшін ғалымдардың жетекшілігімен 4 эксперттік топ құрылды. Білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылды. Оқу жоспарларына «Өлкетану және туризм негіздері», «Экологиялық туризм», «XIX – XX ғасырлардағы Солтүстік Қазақстанның тарихы», «СҚО музейлері мен архологиялық ескерткіштері» және т.б. элективті пәндер енгізілді.

Облыста қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

Жанар ТАЛАСПАЕВА,

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі

Солтүстік Қазақстан облысы