Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Ақмола облысында былтыр 4,8 миллиард теңге игерілді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы, Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2022 жылға қарай 107 жобаның жүзеге асырылуы жос­парланып отыр.

Ақмола облысында былтыр 4,8 миллиард теңге игерілді

Солардың ең бас­тылары Бурабай, Қорғалжын және Зеренді аудандарында шоғыр­лан­ғандығын айта кеткен жөн. Көкше жері табиғаты сұлу өңір ға­на емес, сонымен қатар рухани құн­ды­лықтарға да бай өлке саналады.

Облыстық ішкі саясат бас­қар­ма­сының маманы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ӨЖО бас менеджері Әсем Әзір­баева­ның мәліметіне қараған­да, «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша 24 шағын жоба және «Рухани қазына» бо­йынша 79 жоба іске асуда. Бұдан басқа, ұлттық дәстүрлер мен құн­дылықтарды, ішкі туризм­ді дамыту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 4 жоба қарастырылған. Реті келгенде «Қазақстанның 100 қасиетті орны» республикалық тізіміне Ақмола облысы бо­йынша 10 нысан енгендігін айта кету керек. Бұл ретте облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева Ерейментау ауданы аумағындағы Құмай бірегей археологиялық және этно­графиялық кешенін ерекше атап кетті. Өйткені мұнда қола дәуірі, ерте темір дәуірі сияқты дамудың кезеңдері сақталған. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, ол I-VI ға­сырларға дейінгі Батыс түрік қаға­наты кезеңінің тас мүсіндері сана­лады. Сондай-ақ өңірімізде «Ата­мекен» кіші бағдарламасы шең­берінде 2017 жылы 4,8 миллиард теңге сомасында бірнеше мәде­ни, тарихи және әлеуметтік нысан­дарды қайта құру және салу бағы­тында 57 жоба қолға алынып, жүзеге асырылды.

Асқар Тұрапбайұлы,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы