БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News басылымына берген сұхбатында Қаржы министрі Стивен Мнучин дүйсенбіде санкцияларды жариялайтынын айтты. Оның айтуынша бұл санкциялар Асадқа қатысы бар және химиялық қару пайдаланған барлық компанияға қолданылады.
Сондай-ақ, БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі барлық дипломатиялық шараның қаралып бітуіне байланысты АҚШ-тың Сирияға қатысты соққы жасау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
– Асад химиялық қаруды бірнеше рет қолданды. Біз осыған дейін химиялық қаруды қолдану бойынша алты резолюция ұсындық. Сондықтан ендігі кезекте біз қолымызда бар дипломатиялық шаралардың барлығын қолданып, осылай әрекет етуді жөн көрдік, – деді Никки Хейли.