Парламент • 16 Сәуір, 2018

Сараптаудың сапасын арттыру қажет

255 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасында 2020 жылға дейінгі аралықтағы нормалауды жетілдірудің бір тәсіліне Реттеушілік әсердің сарабы (РӘС) және нормативтік актілерді ашық талқылаулар жат­қы­зылған. 

Сараптаудың сапасын арттыру қажет

Кәсіпкерлік ко­дексі осы процесті жіті регла­мент­те­ген. Мәселен, 82 бапта, егер мем­­лекеттік органдар кәсіпкерлік су­бъ­ектілеріне қа­ты­сты жаңа рет­те­гіш құралын ен­г­ізгісі келсе, алдын ала РӘС про­­цедурасы жасалу керектігі анық айтылған. Алайда өкілетті ор­­гандар РӘС жүргізуді қазір жіберді.

Парламент Мәжілісіне қа­рау­ға 2017 жылы 40 заң жоба­сы түскен болса, тек соның 9-ында ғана Ұлттық экономика ми­нистрлігі жасаған РӘС-тің нә­тижелерін ұсына алды. Ал сол кез­де көптеген заң жобаларында биз­несті реттеуге бағытталған түр­лі жаңа реттегіштер пайда болды. Мысалы, «Газ жә­не газбен жабдықтау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы (21 бап) өкілетті органның Қазақ­с­­тан аймақтары және рес­пуб­ли­­кадан тыс жерлерге мұ­най мен табиғи газды жет­кі­зуге жа­ңа монитори­нг жасау та­лап­тарымен толық­ты­рыл­ған. Бұ­рын мониторинг жасау тек рес­публика аумағындағы са­ту ба­ғасына ғана жасалатын. Ен­ді сұйытылған мұнай газын өнді­рушілерге, электронды сау­да алаңының иелеріне, өкілетті органға әрбір тәулік сайын өнді­ріс көлемі, сату және босату тура­лы мәліметтер жүктелетін бо­лып­ты. Осының бәрі тиісті РӘС жасалмай ұсынылып отыр. Ал 158 бап бойынша бөтен тауарлық белгіні қолданғаны, қыз­­мет көрсету белгісі, тауар­дың өндірілген орнының атауы немесе фирмалық атауы бол­ма­ғанда салынатын айыппұл мөл­шері шамамен 20-25 пайызға тө­мен­детілген. Бұлар тауардың сапасы мен қауіпсіздігін тө­мен­детуге жол беріп қана қой­май адал жұмыс істейтін кә­сіп­­керлердің бәсекелестікке қа­білеттігіне нұқсан келтіреді.

РӘС-ке байланысты мәсе­ле­лер мұнымен де шек­тел­мей­ді. Сараптар реттегіш құрал енгізілмей тұрғанда ғана емес, соңынан да жасалуы керек еді. Тек соның нәтижесінде ғана ти­ім­ділігі дәлелденіп тұрса рет­­­тегіш құралдар алынып тас­та­­луы немесе өзгертілуі керек. Ал бұл жұмыс және Еура­зия­лық экономикалық одақтың нор­ма­тивті құқықтық актілер әсе­рі­нің сарабын өкілетті мемле­кет­тер әлі күнге қарастырған емес.

Сондай-ақ барлық мем­ле­кеттік басқару деңгейінде РӘС-ті өзгерту жоспарларына ашық қол жеткізе алмайсың, олар­ды әзірлеу мен атқаруды бақы­лай­тын мониторинг жүйесі де құ­рылмаған. Сондықтан бұл жұ­мысты қанағаттанарлық деп айту қиын. Ал осындай са­рап­тың жасалмауы кәсіп­кер­лікті рет­теу саласында қа­был­да­на­тын заң актілері мен мем­ле­кеттік басқару орган­да­рының шешімдерінің өте сапасыз болу тәуекеліне ұрындырады.

Осы мәселелерді біз Үкімет бас­шысына білдіре отырып, Рет­теушілік әсердің сарабы бойын­ша қолданыстағы заңнамаға сәй­кес қабылданатын барлық ша­ралар туралы ақпарат беруін өтін­дік.

Екатерина НИКИТАНСКАЯ,

Мәжіліс депутаты