Кино • 16 Сәуір, 2018

Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді. Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы, деп хабарлады hollywoodreporter.com. 

Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі

Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов facebook-тегі парақшасында бөліскен бұл ақпаратта кинокартинаға қазақстандық каскадерлар қатысатынын айтты.

Танымал Дисней мультфильмінің киноадаптациясы 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгені жазылған.

«Мулан» (Mulan) – 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған, толықметражды мультипликациялық фильм. Мультфильмде Хуа Мулань - әскерге қатысқан әйел туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы бейнеленген.