Күрес • 16 Сәуір, 2018

«Халық Барысы» өтеді

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық Барысы» жаңа спорттық жобасының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. 

«Халық Барысы» өтеді

Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев қатысты.  

7-8 мамыр күндері Алма­тыдағы халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің аренасында «Халық Барысы» республикалық турнирі өтеді. Жарыс ресми түрде тіркелген белдесу ұлттық жекпе-жек түрі бойынша ұйымдастырылады. 7 мамыр күні ашылу салтанаты және мерекелік шоу концерт болса, 8 мамыр күні балуандар алаңға шығады.

«Халық Барысы» – Халық­аралық қазақ күресі федерация­сы, «Қазақстан Барысы» қазақ күре­сін дамыту қоры және Ал­ма­ты қаласы әкімдігінің бір­лес­кен жобасы.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп айтқан болатын. Осыған сүйене отырып, біз ата-бабамыздан мұра болып қалған белдесуді заманға сай етіп халыққа ұсын­­бақпыз», деді Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат Бозымбаев өз сөзінде.

Жарыстың жүлде қоры 20 миллион теңгеге жуық. Тур­нирге Қазақстанның барлық аймағынан әуесқой 1000-нан аса балуан қатысады деп күтілуде.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»