Аймақтар • 16 Сәуір, 2018

Павлодарда трамвайларда QR-кітапхана пайда болды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының тұрғындары арнайы QR кодтардың көмегімен таңдалған кітаптың электрондық нұсқасын тегін жүктей алады.  

Павлодарда трамвайларда QR-кітапхана пайда болды

Қаладағы «Трамвай басқармасы» АҚ қолдауымен трамвайларда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «QR-кітапханасы» мобильді қосымшасы таныстырылуда.

Мақсат – жергілікті ақын-жазушылардың, тарихшылар мен өлкетанушылардың туындыларын таныстыратын электронды ресурс құру. QR-кітапханадан өңір тарихы, экологиясы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы  алуға болады. Кітапхана қызметінде  де цифрландыру жүйесі жүргізіліп, сирек, құнды туындылар  көшірілуде.

Кітапхананың мәліметінше, қаладағы 16 трамвайда жеке QR-кодтары бар қазіргі заман жазушылары, қазақ әдебиетінің классиктері, ақын-жазушылардың кітаптары берілген плакаттар орналастырылған. Құрылғы жаңа және жылдам жаңартылып отырады. Әртүрлі жастағы оқырмандар да кітапхана қызметтерін пайдалана алады.

Трамвай жолаушылары мобильді қосымшаның көмегімен ұнаған кітапты электронды нұсқада жүктей алады. Бұл үшін QR Code Reader немесе интернет–сайттардың басқа да тегін қосымшаларын пайдаланып, таңдалған кітаптағы QR-кодты сканерлеу қажет.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Марал Тәженова