Қазақстан • 16 Сәуір, 2018

Нұрлан Әбдіров: Былтыр екі азаматтығы үшін шамамен 600 адам жазаланды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Қазақстанда 600 адамды екі азаматтығы үшін жазалады, деп мәлімдеді Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров.

Нұрлан Әбдіров: Былтыр екі азаматтығы үшін шамамен 600 адам жазаланды

«Екі азаматтық ісі маңызды проблемалардың бірі болып отыр. ІІМ мәліметі бойынша, 2017 жылы екі азаматтығы үшін шамамен 600 адам жазаланды. Қазақстандықтардың өзге елдің азаматтығын алу мәселесі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыс керек», - деді Н.Әбдіров Мәжілістегі Үкімет сағатында.  

Оның айтуынша, Конституция бойынша Қазақстан азаматы оған қоса басқа елдің азаматы  бола алмайды.  

«Алайда біздің елдің азаматтығын жоймай тұрып, басқа елдің азаматтығын алатын азаматтар да бар. Қазақстан азаматтығын алмастан бұрын шетел азаматтығынан шыққандығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптар бекіту мәселесін пысықтау керек, оның ішінде оны алудың жеңілдетілген тәртібінде де. Айта кетер болсақ, 2017 жылы жеңілдетілген тәртіпте біздің елдің азаматтығын 30 мыңнан астам адам алған», - деп мәлімдеді ол.