Отырыстың күн тәртібі мұсылман әлеміндегі әйелдер мен балалардың құқықтарын дамыту, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында ИЫҰ-ның Исламдағы бала құқықтары туралы пактісін жетілдіру мәселелерін қамтиды.
Қатысушы мемлекеттердің баланың шығу тегіне және дініне қарамастан, кемсітушіліктің барлық түрінен қорғау жөнінде шараларды қабылдау, сондай-ақ жаһандық және өңіраралық қарулы жанжалдар мен қақтығыстар жағдайында балаларды қорғау нормаларын күшейту қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды.
Ашық талқылау барысында Қазақстан Омбудсмені әріптестеріне заңнамалық базаны және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестігі, сондай-ақ ұлттық заңнамаларда тиісті халықаралық нормалар мен стандарттарды енгізу мәнмәтінінде Қазақстандағы балалардың құқықтарын көтермелеу бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.
Бірқатар құқық қорғау бағыттарында, атап айтқанда, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге және балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерінде қазақстандық тәжірибені тарату үшін ұсынылғаны атап айтылды.
Осыған байланысты сессияда қаралған құжат жобасына бірқатар нақты ұсыныстар берілді.