Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

«Қа­зақ­­фильм» түсірген фильм Канн ки­но­фес­тивалінің бағ­­дарламасында көрсетіледі

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ш.Айманов атындағы «Қа­зақ­­фильм» киностудиясы тү­сір­­ген қыс­қаметражды фи­­ль­мдер ма­­мырдың 8-і мен 19-ы ара­лы­ғын­­­­да Фран­цияда өте­тін халықаралық Канн ки­но­фес­тивалінің Short Film Corner бағ­­дарламасы аясында көр­се­­ті­летін болды.

«Қа­зақ­­фильм» түсірген фильм Канн ки­но­фес­тивалінің бағ­­дарламасында көрсетіледі

Канн кө­ре­р­­мен­д­е­­ріне қазақтың «Ты­ғыл­мақ» жә­не «Асан» атты филь­м­­­дері ұсы­нылады. Екі фильм де былтыр «Қазақфильм» ки­но­­­сту­дия­сындағы «Дебют» шы­ғар­ма­шылық-өнді­рістік бір­лес­ті­гі ұй­ымдастырған сценарийлер кон­курсында жеңіске жетіп, өн­діріске жіберілген болатын.

Аталған бағдарламаның бас­ты мақсаты – кино әлеміндегі кә­сіби кино­герлердің басын қосып, жас режиссерлер мен пр­одю­­­с­сер­­лер, сондай-ақ әлемнің түк­­пір-түк­пі­рі­нен жиналған дис­­три­бъю­тер­лер арасын­да бай­­ла­ныс орнату. Осы бағ-
д­ар­­ла­­ма аясын­­да көрсетілген фильмдер ха­лық­­­ара­лық кинофестивальдарға жол­дама алып, халықаралық серік­тес­тер және дистрибьютер табуға мүм­кіндіктері бар. Биыл Short Film Corner бағдарламасына қа­ты­­суға көптеген елдің режис­сер­лері атынан 2000-нан астам тапсырыс келіп түскен.

Режиссер Венера Қайыр­жа­­нова түсір­ген «Тығылмақ» фи­ль­мі ересектердің ба­сын­дағы оқи­­­ғаға куә болған кішкентай екі қыз туралы баяндайды. Ыңғай­сыз­­дыққа ду­шар болған екеуі сол жағ­дайдан қашып, өз балалар әлеміне жасырынбақ болып, көз­дерін ала­қандарымен жау­ып, көшеде «ты­­ғылмақ» ой­найды  (фи­ль­мнің дыбыс режиссері Қой­шын Қа­най). Ал режиссер Берік Жа­ха­новтың «Асан» фильмінде көп жылдар әке­сін көрмесе де, оны ақтық сапарға шы­­ғарып сал­у­ға келген жігіттің жан сезі­мі, тол­­ға­нысы психологиялық тәсілмен тар­қа­тылады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ