Әлем • 24 Сәуір, 2018

Торонтодағы көлік шабуылынан 10 адам қайтыс болды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Торонтодағы көлік шабуылынан 10 адам қайтыс болды

Дүйсенбі күні, Канаданың Торонто қаласында фургон көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолындағы адамдарды қаққан, деп хабарлайды Vox.com.

Оқиға салдарынан 10 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.

Жергілікті полиция өкілдері оқиғаға кінәлы көлік жүргізушісі, Алек Минассянды ұстап, оның Торонто тұрғыны екенін хабарлады.

Канаданың билік өкілдері бұл оқиғаның терроризммен қатысы туралы ешқандай ақпарат таратқан жоқ.