Қазақстан • 24 Сәуір, 2018

Астанада инвестициялық форум өтеді

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 27 сәуірінде Астана қаласының және «Сарыарқа» ауданының 20 жылдығын атап өту аясында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының инвестициялық форумы өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада инвестициялық форум өтеді

Форумның мақсаты – ивестиция мен жаңа технология тарту үшін ауданның инвестициялық әлеуетін көрсету, тұрғындардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне барынша жағдай жасау, сондай-ақ ауданның экономикасын дамыту. Ауданымызға инвестиция және технология тартудың негізгі алғышарттары: инфрақұрылымды дамыту, халық тығыз орналасқан аумақтар, құрылыс және т.б. үшін бос жер телімдері.

Астанада аудандық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған форумға халықаралық және қазақстандық сарапшылар, мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері қатысады.

Астана экономикасының дамуында кәсіпкерліктің әр алуан саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылуы маңызды рөл атқарады, ал бұл мәселенің басты факторы жер телімі болып есептеледі. Инвестициялық форум шеңберінде әртүрлі объектілерді салуға арналған ауданда орналасқан 100-ден астам жер телімі көрсетіледі.

Форумдағы пікірталас мына тақырыптар бойынша өрбиді: инвестициялық ортаны дамыту және жаңа инвестициялар көзін табу, экономиканың креативті секторларын, цифрландыру элементтері бар ақылды қала жобасын, және құрылысты дамыту.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста бірқатар екіжақты экономикалық құжаттарға қол қойылады.

Іс-шара Radisson қонақ үйінде 10:00-13:00 аралығында өтеді.