Желаяқ Марат Жыланбаевтың қатысуымен екі күндік ультра-марафон ұйымдастырылады
346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесе отырып, әйгілі желаяқ Марат Жыланбаевтың қатысуымен екі күндік ультра-марафон ұйымдастыруды көздеп отыр.
Марафон 27 сәуірде сағат 06:00-де Алматы облысы, Балқаш ауданының Бақанас ауылында (Алматыдан 170 шақырымдық қашықтықта орналасқан) басталып, 28 сәуірде сағат 18:00-де Қараой елді мекенінде (Алматыдан 370 шақырымдық қашықтықта орналасқан) мәреге жетеді. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының құрылуына орай ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның басты мақсаты – Қазақстандағы биоалуантүрліліктің сақталуы маңыздылығы мәселесіне қоғам назарын аудару.
Марафонға қатысушы Марат Жыланбаев жайында айтсақ, жуырда ғана 55 жасқа толған (19 сәуірде) бұл азаматтың есімі әлемге әйгілі. Азия, Африка, Америка және Аустралия құрлығындағы ең ірі шөлдердің барлығын жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам. Оның көрсеткіштері Гинесс рекордтар кітабына бірнеше мәрте енген.