Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 44, 401-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы» нұсқаулықта: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Есепке қою үшін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар жергілікті органдарға: 1) атқарушы органдар белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш; 2) өтініш берушінің тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және (немесе) ауылдық округ әкiмінiң анықтамасын); 3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқа адамдарды отбасы мүшелері деп тану туралы жергілікті атқарушы органдардың анықтамасын; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқ екені туралы) анықтамасын; 5) өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тиесілілігін растайтын анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйым қызметкерінің, әскери қызметшінің жұмыс орнынан (қызметінен) анықтама ұсынады. Қажет болған жағдайда өтініш беруші қосымша тұрғын бөлмеге құқық беретін мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адам бар екені туралы анықтамасын ұсынады.». 2. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына негізделген және Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру тәртібін айқындайды.»; 3-тарау алынып тасталсын; 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Халықты құжаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Халықты құжаттандыру қағидаларын сақтау үшін жауапкершілік өздеріне қатысты бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттардың иелеріне жүктеледі.». 3. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесінде: 4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы)». 4. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінде: 11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);». 5. «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінде: 36-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) жеке куәлiгiн, мүгедек балалар үшiн - туу туралы куәлiктi;»; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну ережесiнде: 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын).». 6. «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 157-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінде: 62-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әскери билетке әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;» 66-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ұйымдардың жеке карточкаларын аулалар бойынша аралап тексеру жолымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың нақты болуымен салыстыра тексереді;». 7. «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесінде: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);». 8. «Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттік базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берiлген және Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мемлекеттік базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесінде: 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);». 9. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 134-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және мынадай құжаттарды береді: 1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 2) мемлекеттік қызмет өтілін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, өтініш берушінің (ерінің/жұбайының) осы елді мекендегі жұмыс орнынан анықтама; 3) некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) және балаларының тууы туралы куәліктердің (мұндайлар бар болған жағдайда) нотариалды куландырылған көшірмесі; 4) кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді көшірмесі; 5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); 6) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама; 7) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы жеке шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтама (мүшелері мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері болып табылмайтын жас отбасы санаты үшін); 8) жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда); 9) мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда); 10) сот орындау парақтары және банктік қарыздар бойынша міндеттемелері болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешімінің көшірмелері. Осы құжаттар тізбесі жеткілікті болып табылады.». 10. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде: 6-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);». 11. «Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру ережесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігіне: 1) мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі белгілейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш; 2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 3) өтініш берушінің (жұбайының/жарының) сол елді мекендегі жұмыс орнынан анықтаманы; 4) некеге тұру туралы (некені бұзу, жұбайының/жарының қайтыс болуы туралы куәліктің) және балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы бірге тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын; 6) еңбек кітапшасының кадр қызметі растаған көшірмесін немесе қызметтік тізімінен үзіндіні; 7) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) ұсынады. Қажет болған жағдайда өтініш беруші мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында ауыр сырқат түрімен ауыратын адамның болуы туралы анықтамасында тапсырады, бұл қосымша тұрғын бөлмеге құқық береді.». 12. «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 45, 431-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат;». 13. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 432-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат;». 14. «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 60-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі; 3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); 4) отбасының табысын растайтын құжаттар; 5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот; 6) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; 7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары; 8) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; 9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.». 15. «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 11-12, 120-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартында: 12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын) тапсырады.». 16. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 19, 148-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесі және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүліктің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаға тиесілі тұрғын үй кепілдігімен несие ресімдеу үшін банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесі және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, мүліктің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері (келісімшарт, жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, пәтердің техникалық паспорты, тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);». 17. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 187-құжат)»: көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);». 18. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 389-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады: 1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі; салық төлеушіні тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі; тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер; Комитеттің аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері беретін белгіленген нысандағы анықтама. Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады: радиациялық әсерге ұшырған адамдар ауруларының, мүгедектігінің себепті байланысын анықтау жөніндегі Ведомствоаралық сараптама кеңесі шешімінің көшірмесі; Орталық әскери-дәрігерлік комиссия шешімінің көшірмесі; госпиталь берген ауруы туралы куәліктің көшірмесі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы; 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 2) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы); әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі; салық төлеушіні тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі; тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымның есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер; асыраушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі не соттың адамды хабарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тану туралы шешімі. Бұған қоса, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады: қайтыс болған адаммен туысқандық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесі (туу туралы, неке туралы, некені бұзу, әкелікті (аналықты) анықтау туралы куәліктер, жеке куәлігі және басқалары); егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының айтуы бойынша жазылған болса, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы; қамқорлықты (қамқоршылықты) растайтын құжаттың көшірмесі; оқу орнының 18-ден 23 жасқа дейінгі адамдар күндізгі оқу нысанының оқушылары болып табылатыны туралы анықтамасы; қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетінің көшірмесі не әскери қызметті өткеруі туралы анықтама; әскери қызметшiнiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметiн өткеру кезiнде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертiгу, ауру салдарынан болғанын растайтын анықтама. Қайтыс болған адамның сегiз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн бағып-күтумен айналысатын азаматтар қосымша мынадай құжаттарды ұсынады: еңбек кiтапшасының еңбек қызметінің тоқтатылғанын растайтын көшiрмесi (көшiрмесі еңбек кiтапшасының түпнұсқасымен жыл сайын тексеріліп отырады); салық органының тұлға дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы анықтамасы (жыл сайын жаңартылып отырады); 3) жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы: тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі; салық төлеушіні тіркеу куәлігінің көшірмесі; зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті органдағы есеп шот не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер.»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);»; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық округ әкiмдерiнің анықтамасын);». 19. «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында: 11-тармақтың 5-тармақшасы мына