Әдебиет • 30 Сәуір, 2018

Жазушының жан сыры

272 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының аясында Қазақстанда туып-өскен белгілі жазушы Сергей Лукьяненкомен (Ресей Федерациясы) шығармашылық кездесу өтті.

Жазушының жан сыры

Қазақстан халқы Ассам­блея­сының кезекті жиынына қатысу үшін елордаға арнайы келген қала­мгер оқыр­ман­дармен өзінің өмір жолы, шығармашылық ізденіс­те­ріне қатысты сүбелі сұх­бат жүр­гізіп, туған жеріне деген жүрекжарды сағынышын жеткізді.

«Бүгін, міне, туған өлкем – Қазақстан жеріне келіп, сіз­дер­мен кездесіп, пікірлесіп отыр­ғаныма өте қуаныштымын. Мен Қаратау қаласында туға­ным­мен, негізгі жұмысым Мәс­кеуде болғандықтан, қазір сол жақтамын. Бірақ туған елім­мен арадағы байланысты еш­қашан үзген емеспін. Үнемі ру­хани шығармашылық байла­ныстамыз. Бүгінгі кездесу де осы ойымның айқын айға­ғы. Жалпы, фантастика жан­рындағы әдебиет оқырман үшін өте қызықты деп санаймын. Сондықтан да бұл жанр бо­лашаққа өзгеше ой жүгіртіп, бас­қа әлемге көз тіккісі келетін жас­тарды үнемі өзіне үйіріп әке­теріне сенемін», дейді жазу­шының өзі.

Жамбыл облысында өмірге келіп, шығармашылық жолын Алматы қаласынан бастаған Сергей Лукьяненконың кітап­та­ры 1980-1990 жылдары ара­лығында шыға бастады. «Нару­ше­ние» атты алғашқы ғылыми-фантастикалық хикаясы «Заря» жур­налында жарияланып, сол кезде-ақ оқырманның үлкен қызы­ғу­шылығын оятқан болатын. Бүгінде «Аэлита», «Звёз­дный мо­ст», «EuroCon», «Пла­ти­но­вый Тарлан», «Corine» пре­мия­­ларының лауреаты атанып үлгерген фантаст қаламгердің қиялы әлемді шарлап кеткені қашан. Оның кітап беттеріндегі терең ойы мен ұшқыр қиялы оқушысын ешқашан бейжай қалдырмайды. Керісінше, тек қана қиял қармайтын ғажайып әлемнің тылсымына жетелеп, әрдайым оқырманына ғаламат әсер сыйлау мұратынан бір сәт те айныған емес.

Жазушы еңбегі тек кітапхана сөрелерінде ғана емес, бүгінде ки­нотеатрлар экранына шығып, қым-қуыт сюжетке құрылған шытырманға толы оқиғалар көрушісін де ұмытылмас әсерге бөлеп жүр. Әйгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің шы­ғар­машылық жұмысына ар­қау болған Сергей Лукьянен­ко­ның «Дозор» туындысы сондай шығармалар қатарынан.

Қазіргі таңда есімі Ресей ше­карасы емес, әлемдік оқыр­ман­дарға жақсы таныс шы­ғармашылық иесінің тағы­лым­ды әңгімесін тыңдауға жиналған меймандар арасында елі­мізге белгілі жазушылар, жур­налистер, ҚХА мүшелері, этно­мәдени бірлестіктердің, ғы­лыми және шығармашылық зиялы қауымының өкілдері, сту­денттер және тағы басқа қо­нақ­тар бар.

Кездесуде жазу өнеріндегі ізденістері жайлы жан-жақты сыр қозғаған қаламгер өзінің «Черновик» атты әңгімесі бойын­ша түсірілген осы аттас көр­кем фильмінің премьераал­ды трейлерімен көпшілік қау­ымды таныстырып, жақында әлем­дік кинопрокатка шығуы жос­парланған көркем шығарма жайлы әсерімен бөлісіп, филь­мнің түсірілу барысындағы қызы­қты жайттарын да әңгі­ме­леді. Сондай-ақ жазушы шы­ғар­машылық жүздесуде өзі­нің кәсіптік қызметі мен шығар­ма­шылық ізденістеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»