
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ер бала тәрбиесіндегі өзіндік көзқарастарды талқылауға бағытталған семинардың мән-маңызы зор.
Облыстық «Ардагерлер кеңесінің» жастардың арасында әскери-патриоттық тәрбиені жүргізу комиссиясының төрағасы Сергей Алпатанов өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, тағылымды баяндама жасады.
Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы С.Убдиянова «Әке мен ұл бала» арасындағы тәрбиенің маңызы зор екенін айтады. Осындай шаралар арқылы отбасы құндылығын дәріптеуге мүмкіндік мол.
Семинар соңында оқушылар тақырыпқа байланысты театрландырылған көрініс қойды.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
Атырау