Жазғы спорт • 30 Сәуір, 2018

Атырауда өткен бұқаралық веложарысқа Александр Винокуров қатысты

127 реткөрсетілді

Веложарысқа қатысушылар Сұлтан Бейбарыс алаңында мәреге жетті,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда  «Bike Ride Atyrau – 2018»  қайырымдылық веложарысының қортындысы шықты. Шара Александр Винокуровтың  қоғамдық қоры, Атырау спортын дамыту мен қолдау қоғамдық қоры, Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Осы шарадан кейін біздің өңірдегі велоспорт бұрынғыдан да белсенді дамиды деген ойдамыз», дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Сағындық Лұқпанов.

Атыраудың орталық көшелерімен 1500  велосипедші жүріп өтті. Жарысқа екі олимпиада чемпионы – Александр Винокуров пен Илья Ильин қатысты.

«Онлайн  тіркеуден 900-ден астам қатысушы өткен еді,  жарыс басталар алдында драма театр алдындағы сөреде 600  адам тағы да тіркелді»,  дейді ұйымдастырушылар.

Веложарысты қолдауға астаналық  «Astana Pro Team» командасы арнайы келді.

«Қатысушылар осынша көп болады деп ойламадым. Қайырымдылық аукционы кешке өтеді,  сол жерде 4  коллекциялық велосипед пен біздің команданың аксессуарлары ойнатылады», дейді Александр Винокуров. 

Веложарыс қортындысы бойынша жеңімпаздар бес аталымда анықталды: ең жасы үлкен қатысушы 66  жастағы Ғимран Ақботин, ең жас қатысушы 4  жастағы Айя Саламат деп танылды. Алты адамнан құралған Бисалиевтер отбасы "Спортшылар отбасы"  аталымын жеңіп алды. Ең креативті велосипедтің иесі Бақытжан Шайхиев болса,   Марат Наурызғалиевке ең креативті киімі үшін жүлде берілді. 
Барлық жүлдегерлер сыйлыққа велосипед алды.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасынан кейін Сұлтан Бейбарыс алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Бағдарлама арнайы осы шараға орай жазылған әнұранмен қортындыланды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар