Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркия президентімен келіссөздерден кейін БАҚ-қа берген брифинг барысында мәлім етті.
Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, ол Түркі кеңесінің жұмысына Өзбекстанның қатысуы мәселесін Түркия президентімен жеке талқылаған, сондай-ақ оған оң жауап алған.
«Біз Бішкекте өтетін Кеңестің келесі отырысына қатысамыз», - деді Өзбекстанның президенті.
Еске сала кетсек, Түркі ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған болатын. Оның құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мен Қырғыз Республикасы кіреді.