06 Желтоқсан, 2011

Табиғат қорғау – оқушылар шығармашылығында

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен сенбіде елордадағы «Шабыт» Ұлттық өнер институтында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты республикалық шығармашылық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сайыстың басты мақсаты – балалардың экология проблемасын, өздерінің табиғатқа деген маңызды нақты көмектерін қаншалықты түсінетіндіктерін, сонымен қатар оған қалай қарайтындықтарын анықтау болып табылады. Жалпы, конкурсқа ұзын саны еліміздің жалпы орта білім беретін 5040 мектебінің оқушылары қатысса, бес мың­­нан астам шығармашылық жұмыстар ұсынылыпты. Сайыс «Үздік сурет», «Үздік тақпақ», «Үздік мақала», «Үздік бейнеролик», «Үздік әңгіме», «Үздік зерттеу жұ­мысы», «Үздік фотосурет», «Үздік бейнефильм», «Үздік сәу­лет жұмысы» атты шығармашылық номинациялар бойынша респуб­ли­ка­ның орта мектеп оқушылары арасында өтті. Конкурсқа бел­сенді қатысқан мектептер арасында бірінші орынды Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қа­зғарыш» мектеп-лицейі жеңіп алса, екінші орынды Қара­ған­ды облы­сы, Осакаров ауданы, Пионерское ауылындағы Балалар үйі еншіледі. Ал екі үшінші орындар Алматы об­лы­сының Қа­ра­сай батыр орта мектебі мен Павлодар қала­сындағы да­рын­ды балаларға арналған №10 мектеп-лицейіне бұйырды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.