Мектеп • Бүгін, 16:08

Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары, оның ішінде білім саласындағы бюджетті үнемдеу мақсатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлік білім басқармалары мен аумақтық сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларымен онлайн кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады

Фото: gov.kz

Министрлік саладағы шығындарды азайту мақсатында білім саласының ресурстары формальды шараларға емес, нақты сапаға көңіл бөледі. Соның аясында есеп беру үшін өткізілетін форумдар, жиындар саны қысқартылады. Республикалық және өңірлік шаралар тізіміне қатаң ревизия жүргізіліп, білім берудің мазмұнын байытатын жобалар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады.

Мектептерде смартфонсыз оқу мәдениеті қалыптасып келеді

Бұған қоса кездесуде өңірлердегі кризистік менеджменттің сапасы, бала қауіпсіздігі министрліктің үнемі бақылауында екені айтылды.

Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады

Министр мектептердегі техникалық қауіпсіздік, бейнебақылау, күзет қызметі, оқушылар арасындағы психологиялық климаттың толық бақылауды тапсырды. Ал өңірлік басқарма басшыларына жергілікті жерде жедел әрі батыл шешімдер қабылдауды жүктеді. 

Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр

Соңғы жаңалықтар