Әлем • 03 Мамыр, 2018

Ауғанстан Пре­зи­­де­нтіне сенім грамотасы табысталды

499 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ауғанстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан Ислам Республикасының Пре­зи­­де­нті Мохаммад Ашраф Ғаниге сенім грамотасын табыс етті.

Ауғанстан Пре­зи­­де­нтіне сенім грамотасы табысталды

Кездесу барысында Ауғанстан басшысы қазақстандық тарапқа және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне Ауғанстанды қайта қал­пына келтіруге, елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған барлық халықаралық және өңірлік бастамаларға үнемі көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол Кабул үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі әріптес ретінде ерекше маңыздылығын атап өтті. Бұған оның тек 2017 жылы Астанаға екі рет сапармен келуі және Қазақстан Президентімен келіссөздері дәлел.

Ауғанстан Президенті екі ел ара­сындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің қажеттігін басып айтты. Қазақстандық кәсіпкерлерді ауған нарығына бидай жеткізу, Ауғанстан аумағында диірмен салу, кен өнеркәсібі, электр энергиясы, теміржол салаларында жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді іс-қимылға шақырды. Өз кезегінде, ауған тарабы Қазақстан нарығына жеміс-жидек пен жаңғақ түрлерін жеткізу көлемін ұлғайтуға әзір.

Ә.Есенгелдиев Ауғанстан Прези­дентіне қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Елбасы Н.Назарбаевтың Ауған­стан­ға назарын, соның ішінде Қазақ­­­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сін­­д­егі тұрақты емес мүшелігі шең­берінде айрықша маңыз беріп отыр­ғанын атап айтты. Елші мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге күш салуға дайын екенін жеткізіп, сондай-ақ Каул­дың елдегі жағдайды қысқа мерзім­де қалпына келтіру ісін одан әрі қолдай­тыны жөніндегі Астананың ұстанымы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қазақстан елшісі сол күні Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Салахуддин Рабба­нимен жеке кездесу өткізіп, тараптар екіжақты және көпжақты ын­ты­мақтастығының кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Егемен-ақпарат»