Аймақтар • 03 Мамыр, 2018

Жаңаөзен теміржолында орын алған оқиғаға байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды

849 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігімен сотқа берілген «Қазақстан теміржолы» Жаңаөзен өткел кезекшісі Т.-ға қатысты ашық сот отырысы басталды.

Жаңаөзен теміржолында орын алған оқиғаға байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды

Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу бойынша анықталғандай, 25.11.2017 жылы сағат 13.00 шамасында Өзен-Бастау станциясының 7-тосқауылында орналасқан күзетілетін теміржол өткелінде кезекшілікте тұрған Е.Т. Бопай станциясынан Өзен станциясына қарай 65 км/сағ жылдамдықпен бағытталған поезд тепловозына қауіп жоқ екені туралы  белгі  бермеген, алайда теміржол өткелінде автоматты түрде дыбыс сигналы және бағдаршам іске қосылған, кезекші шлагбауымды тірегішіне сыммен байлап тастағандықтан, шлагбаум түспеген және өткел бөгет құрылғысы (УЗП) көтерілмеген.

Осы сәтте кезекшілікте болған Е.Т. арақ ішкен мас күйінде дыбыс сигналының қосылғанына қарамастан, қауіпсіздік  қағидаларын сақтауға  міндетті  бола  тұра, кезекші отыратын пункттен шықпай, шлагбаумды төмен түсіруге әрекет жасамаған. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласынан Тенге кентіне қарай теміржол өткелінен өтіп бара жатқан №3 маршрут бағытындағы жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗ-322132» маркалы автокөлігі тыйым салынған жол белгісіне өтіп кетіп,тепловозбен соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алған. Оқиға салдарынан 9 адам ауыр дене жарақаттарынан қайтыс болған және 27 адам әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Е.Т.-ның қорғаушысы Т.Бисекешовтың іске қатысудан бас тартуына байланысты келесі сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлады Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі.