Спорт • 03 Мамыр, 2018

Түркия Еуро-2024 турнирін өткізуі мүмкін

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия футбол федерациясының өкілдері УЕФА-ға футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге өтініш берді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады.

Түркия Еуро-2024 турнирін өткізуі мүмкін

Түркия футбол федерациясының президенті Йылдырым Демиререн төртінші жыл қатарынан УЕФА-ға өтініш бергенін және бұл біріншілікті өткізуге толық дайын екендерін айтты. «Біз УЕФА-ның бас хатшысына Еуро-2024 турнирін өткізуге өтінішімізді бердік. Футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге толық дайынбыз. Сондықтан да біз төрт жылдан бері УЕФА-ға кәрі құрлық біріншілігін ұйымдастыруға мүмкіндігіміз жететінін айтып келеміз. Меніңше, біз осы жылы жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Себебі үкімет тарапынан бізге қолдау көрсетіліп отыр», дейді ол.

Түркияға дейін 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізуге Германия да өз өтініштерін берген. Еуро-2024 жылы қай елде өтетінін алдағы қыркүйек айының 27-сі күні УЕФА-ның Атқарушы комитетінің отырысында белгілі болады.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»